Кітапхана туралы

Қаз ККА сайтына кітапхана туралы ақпарат 

1.Ғылыми кітапхана туралы 

     М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар Академиясының ғылыми-техникалық кітапханасы – Академияның құрылымдық бөлігі болып табылады және өз тарихын  1976 жылдан, Алматы теміржол көлігі инженерлер институты болып ашылуынан бастайды.

     Қазіргі күнде кітапхананың ақпараттық инфрақұрылымы профессор-оқытушылар құрамының ғылыми еңбектері, оқулықтар, монографиялар, диссертациялар, оқу-әдістемелік материалдары, классикалық көркем әдебиеттер, баспасөз басылымдары дәстүрлі және электрондық таратушылар арқылы ұсынылады. Кітапхана қорына келіп түскен барлық басылымдар дер уақытында электрондық каталогына  (ҚАКАЖ (Қазақстандық  автоматтандырылған  кітапханалық-ақпараттық жүйесі)  және кітаппен қамтамасыздандыру картотекасына енгізілінеді.  Кітапхана қоры құжаттардың жүйелік жиынтығынан және Академия оқу жоспары бағдарламасынан және барлық мамандық  оқу бағдарламаларынан, ғылыми –ізденушілік жұмыстары негізінде, сонымен қатар  оқырмандар талабы  есебінен құралады. Бүгінгі таңда, кітапхана қоры  1млн. данадан  астам.  Кітапхана қоры жылдан жылға мемлекеттік тілдегі, орыс тіліндегі және ағылшын тіліндегі жаңа басылымдарымен толықтырылады.

     Кітапхананың жалпы көлемі 1879,6 шаршы метрді құрайды, кітап сақтау бөлімі – 950 шаршы метр. Оқырмандарға қызмет көрсету абонементте және оқырмандар залында жүргізіледі. Оқырмандар залы саны – 5. Оқу залы 240 орындық, оның ішінде электрондық зал – 30 орындық.

 Бөлімнің негізгі мақсаты:

 1.Пайдаланушылардың кәсіптік және білімдік  мүдделерін қажетті құжаттармен       қамтамасыз ету.

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін кітапхана қызметкерлері келесі міндеттерді қарастырады:

- Академия бағыт-бағдарына сәйкес және пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын мемлекеттік және басқа тілдерде  қамтамасыз  етіп  дәстүрлі және қазіргі заманау ақпарат беру үшін кітапхана қорын қалыптастыру;

- дәстүрлі анықтама-библиографиялық аппарат және электрондық каталог дерек базасын ұйымдастыру және алып жүру негізінде.